"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы”республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы” РМҚК меншікті ғимараты жоқ, «Орталық мемлекеттік мұражай» РМҚК ғимаратында, жалпы ауданы 70,9 ш.м бөлмеде орналасқан, коммуналдық қызметтерді өтеумен жалға алу.

“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы”республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы” РМҚК (бұдан әрі – Мемлекеттік коллекция) 1986 жылы шілдеде Ықылас атындағы Республикалық халық аспаптары мұражайында сирек кездесетін қияқты саз аспаптары бөлімі ретінде құрылды.
024 жылдың шілдесінде Госколлекцияның құрылғанына 38 жыл болады.
Мемлекеттік коллекция өз қызметінде XVII-XVIII ғасырлардағы көрнекті шеберлердің сирек кещдесетін қияқты саз аспаптарын жинады, оның ішінде, итальяндық мектептің (12 аспап), Тироль мектебінің (1 аспап), Вена мектебінің (1 аспап), 5 скрипкалық садақ пен 1 виолончель садағы бар.

Көрсетілетін қызметтер:
1) концерттік кызметі ушін үздік орындаушы-музыканттарды, халықаралық конкурстарға катысу ушін талантты жастарды жоғары сапалы әрі ерекше кұнды шекті сазды аспаптармен камтамасыз ету;
2) заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша қияқты музыкалық аспаптар мен қияқтарға төлқужаттарды рәсімдеу;
3) заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша шекті сазды аспаптарды және қияқтарды сараптамадан өткізу, сондай-ақ Мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен оларға Кәсіпорын қорының материалдарынан көшірме жасауға, оларды жариялауға және тираждауға құқық беру.