"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

Кәсіпорын туралы

admin_goscol

“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы” РМҚК

Мекеменің атауы:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің “Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы”республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Басшы: Капеу Булат Тлеуханович.Басшы: Капеу Булат Тлеуханович.
“Мәдениет сапасының үздігі” (төс белгі)
“Казақстан Республикасының Тәүелсіздігіне 25 жыл” мерекелік медалімен наградталды
“Казахстан Конституциясына 20 жыл” мерекелік медалімен наградталған
“Курмет” ордены

Ғимараттың фотосы:
“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы” РМҚК меншікті ғимараты жоқ, «Орталық мемлекеттік мұражай» РМҚК ғимаратында, жалпы ауданы 70,9 ш.м бөлмеде орналасқан, коммуналдық қызметтерді өтеумен жалға алу.

"Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы" РМҚК

Қызметкерлердің жалпы саны:
Негізгі штат саны 5 бірлікке бекітілді және 1 бірлік штаттан тыс (еден тазалаушы) оның ішінде: әкімшілік-басқару персоналы – 4 бірлік; өндірістік персонал – 1 бірлік; басқа персонал – 1 бірлік;

Жетістіктері:
“Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы” РМҚК (бұдан әрі – Мемлекеттік коллекция) 1986 жылы шілдеде Ықылас атындағы Республикалық халық аспаптары мұражайында сирек кездесетін қияқты саз аспаптары бөлімі ретінде құрылды.
024 жылдың шілдесінде Госколлекцияның құрылғанына 38 жыл болады.
Мемлекеттік коллекция өз қызметінде XVII-XVIII ғасырлардағы көрнекті шеберлердің сирек кещдесетін қияқты саз аспаптарын жинады, оның ішінде, итальяндық мектептің (12 аспап), Тироль мектебінің (1 аспап), Вена мектебінің (1 аспап), 5 скрипкалық садақ пен 1 виолончель садағы бар.
Мемлекеттік коллекцияның мақтаныштары – итальяндық шебер Санто Серафин жасаған виолончель, ол алғашқы ондыққа кірген және бүгінгі күнге дейін әлемде сақталған. Қазақстан Республикасының даңқын дүние жүзіне асқақтатып жүрген А.Мұсаходжаева ойнайтын итальяндық шебер Омобоно Страдиваридің скрипкасы. Итальяндық шебер Гварнеридің скрипкасы, 1988 жылы Германияда ойнаған М.Бисенғалиев И.Бах атындағы байқаудың лауреаты атанды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері жыл сайын халықаралық байқаулардың лауреаты атанып жүрген итальяндық шеберлер Гваданини, Амати, Понормо, Албани, Миноцци және басқалардың скрипкалары.
Мемлекеттік коллекияда ең бай қор жинағы қалыптасты. Мемлекеттік коллекцияда жалпы сомасы 559 000 000 миллион теңгені құрайтын 20 экспонат бар, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық музей қорының құрамына кіреді.

Көрсетілетін қызметтер:
1) концерттік кызметі ушін үздік орындаушы-музыканттарды, халықаралық конкурстарға катысу ушін талантты жастарды жоғары сапалы әрі ерекше кұнды шекті сазды аспаптармен камтамасыз ету;
2) заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша қияқты музыкалық аспаптар мен қияқтарға төлқужаттарды рәсімдеу;
3) заңды және жеке тұлғалардың сұрауы бойынша шекті сазды аспаптарды және қияқтарды сараптамадан өткізу, сондай-ақ Мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен оларға Кәсіпорын қорының материалдарынан көшірме жасауға, оларды жариялауға және тираждауға құқық беру;